Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қария қамалып қалды

AstanaTV
25.03.2024ж. 11:53
842
Қария қамалып қалды

Шымкент қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде есік өздігінен құлыпталып, ішінде қарт әйелдің қалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына шұғыл аттанған жедел-құтқару жасағының құтқарушылары есікті арнайы құралдың көмегімен ашып, кейуананы құтқарды.

Шошып кеткен қария құтқарушыларға есікке қолына тиген заттарды лақтырумен болғанын жылап айтып берді. Осылайша ол көршілеріне белгі берген екен. Көп ұзамай кейуананың қызы да келіп жетіп, құтқарушыларға алғыс білдірді.

ТЖМ балалар мен қарттарды қараусыз қалдырмауды сұрайды.