$533.87 €621.64 ₽6.64
×

Астанада кран мұнарасындағы кабина өртенді

AstanaTV
25.03.2024ж. 15:43
Астанада кран мұнарасындағы кабина өртенді

Астанада өрт сөндірушілер құрылыс басындағы кран мұнарасы кабинасындағы өртті сөндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

25 наурызда таңертең Байқоңыр ауданында жаңадан салынып жатқан көқабатты үйлер аумағында 12-қабат деңгейіндегі биіктіктегі мұнара кранының кабинасы өртенді.

Өрт толығымен сөндірілді. Өрт шалған аудан - 1,5 шаршы метр.

"Медициналық тексеруден кейін кран жүргізушісі ауруханаға барудан бас тартты", деп нақтылайды ведомство.

Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД-ның жеке құрамынан 8 адам және 2 техника жұмылдырылды.