Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Астанада бес қабатты паркинг өртенді

AstanaTV
26.03.2024ж. 08:15
785
Астанада бес қабатты паркинг өртенді

Астанада бес қабатты жабық паркинг өртенді, деп хабарлайдыТөтенше жағдайлар министрлігі.

Өрт сөндірушілер келгеннен кейін жеке жабық паркингтің бірінші қабаттындағы қойма бөлмесінде алдын-ала өрт шыққандығы анықталған.

Астана қаласы ТЖД жеке құрамынан 65 жуық адам, 13 бірлік техника жұмылдырылған. Өртті сөндіру бойынша жедел штаб ашылды. Өрттің себебі анықталып жатыр, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Тілсіз жау сағат 18:56-да сөндірілгені белгілі болды. Өрт алаңы 50 шаршы метрді құраған. Зардап шеккендер жоқ.