$535.99 €626.36 ₽6.64
×

Қостанай облысындағы ауылдарды еріген қар суы басты

AstanaTV
26.03.2024ж. 09:55
Қостанай облысындағы ауылдарды еріген қар суы басты

Күннің күрт жылуынан төрт облыста қар еріді. Еріген су ауылдарға ағылып, үйлерді су басты.

Қостанай облысы Арқалық қаласының Жаңа, Отан, Солтүстік, Саяжай ауылдарында ауа температураның айтарлықтай көтерілуіне байланысты қар тез ери бастады. Осы елді мекендерде 20 аула мен 12 жеке тұрғын үй су астында қалды.