Студенттік спорттың тарихы 1905 жылдан бастау алады. Сол жылы АҚШ-та студенттер арасында бірінші халықаралық жарыс өткен. Ал жалпы универсиадаларды Халықаралық университет спорты федерациясы екі жыл сайын қыста және жазда өткізеді. «Университет» және «Олимпиада» сөздерінен құралған. Көбіне дүниежүзілік студенттік ойындар деп атайды. Алғашқы Универсиада 1959 жылы Италияның Турин қаласында өткен. Алматыда өтетін 28-қысқы Универсиада ойындарының басталуына санаулы күндер қалды. Соған орай «қалаға көне көліктер кіргізілмейді, кейбір көшелер жабылады» деген ақпараттар қарапайым адамдардың жүйкесін жұқартады. Әйтсе де... Мысалы, Универсиада аяқталғасын атлеттер ауылындағы 1700 пәтерге кезекте тұрған жалғызбасты аналар, көп балалы және жағдайы нашар отбасылар орналасады. Универсиада алауының тұтануына тоғыз күн қалды. Дүниежүзілік спорттық ойындардың алдында Алматы жұртшылығы соңғы дайындықтарды пысықтап жатыр. Көшенің тазалығынан бастап тероризмнің алдын алуға дейінгі шаралар қолға алынған. Универсиада ойындарына спортшылар келесі аптада келе бастайды. Оған дейін шаһарда қандай шаруалар тындырылды? Біз солардың кейбіріне тоқталмақпыз. Айбар мен Аида әріптестер. Дәл осы спорттық ойындар өтетін мезгілде олар кезекті еңбек демалысына шықпақ. Белгілі банктердің бірінде қызмет істейтін олар Универсиадаға өздерінше үлес қосуды ойластырыпты. Екеуі «гастротур» деген бағыт бойынша шаралар ұйымдастырмақшы.
Айбар Олжаев, Алматы қаласының тұрғыны:
Турист орталықтағы қаланың көрікті жерлерінен келіп тамақ ішеді. Бірақ кейбір нағыз тілі дәм үйрітен жерелерді білмеуі мүмкін де. Сондай асханаларға апарып, дәм татқымыз келеді. Мұны гастротур дейді, яғни ол жерде интерьерге, стол үстіне мән бермейді. Ол тек дәмге қарайды. Оны татып қоймай, көреді, сезінеді. Ол туристің негізгі мақсаты болуы да мүмкін. Біздің ойымыз соны көрсету.
Бұл бастама өзгелерге күлкілі болып көрінгенімен, энтузиаст жастар жасымақ емес. Жан қалауымен жасалатын іс-әрекет болғандықтан, олар қызметтерін пұлдамайды да. Ықылас білдірген туристерді тіпті өз көліктерімен тасымалдап, бір күнін соған арнауға дайын. Қонақтарды қызықтыратын Алматының өткенімен байланысты оқиғаларды да әңгімелеп бермек.
Айбар Олжаев, Алматы қаласының тұрғыны:
Алматының бір тарихтары бар кішкентай-кішкентай. Ол энциклопедияға енбеген. Мысалы, қалада алғашқы битломандар, роккерлер пайда болды. Тулебайка, Компот деген райондар болатын. Солардың мини оқиғалары бар. Солардан мозайка құрасаңыз, Алматының субкультуралық бейресми тарихы шығады.
Алматы қаласы әкімдігінің ресми сайтындағы ақпараттарға қарағанда Студенттік ойындар кезінде шаһарға 30 мыңға жуық турист келмекші. Қонақ үйлер және қоғамдық тамақтану орындарымен жеке-жеке келісімге отырған қала билігі оларға ерекше үміт артып отыр. Әкімдіктің ақпараты бойынша мейманханаларға қонатын адамдардың саны 80 пайызға артуы тиіс.
Ришат Асқарбекұлы, тілші:
Алматыдағы қонақ үйлер мен қоғамдық тамақтану орындары өткен жылдың аяғында халықаралық спорттық ойындарды өткізуге қатысты стандарттар бойынша тексерілген болатын. Қалада 200-ге жуық кәсіпкер арнайы комиссияның тексеруінен соң, меймандармен жұмыс істеуге рұқсат алған. Шаһар басшысы оларға жаңа жыл қарсаңында арнайы сапа сертификатарын табыстап, Универсиаданың серіктесі деп таныған еді. Қазір біз сондай қонақ үйлердің біріне келіп тұрмыз.
Келген туристердің барлығы шекесінде жұлдыздары көп қонақ үйлерді таңдай бермейтіні рас. Қаланың жоғарғы жағында орналасқан мына мейманхана орташа санатқа жатады. Олар да Универсиаданың қонақтарын күтіп отыр. Саф ауа мен жоғарғы деңгейдегі қызметпен келушілердің көңілінен шығудан үміттенеді.
Нұрсұлтан Негматиллаев, қонақүй әкімшісі:
Міне мынау біздік балкон. Осы жерден жылдың қай мезгілі болмасын тау көрініп тұрады. Жазда тіпті қарлы ақбас тауды байқайсыз. Көршілеріміз жайлы - жеке үйлер, бизнес центр, ойын-сауық кешендері жоқ, шулайтын.
Балуан Шолақ атындағы спорт сарайына жапсарлас орналасқан мына дәмхана алматылықтар арасында танымал. Қоғамдық тамақтану желісі дәмді тағамы мен қазақы нақышымен ерекшеленеді.
Олжас Қайыңбаев, мейрамхана әкімшісі:
Етті ұсынамыз. Ол сүрленген еттен жасалған. Наны қолмен жайылады. Сорпасы бірге әкелінеді. Қатық езілген. Одан бөлек шығыс тәттілері, палаудың бірнеше түрі және бауырсақпен дәмді етіп жасап, сол қонақтарымызды қарсы аламыз деп ойлаймын.
Шаһарда 29-қаңтар мен 8-ақпан аралығында 9 сауда
орталығының есігіне уақытша құлып ілінеді. Қалалық кәсіпкерлік басқармасының
ақпаратына қарағанда олардың қатарында
Ақбұлақ шағын ауданыдағы «Магнум» дүкені, «Арзан» орталығы, «Алтын
орда», «Жеті құрдас», «Жұлдыз- Оптовка», «Кар Сити» және «Жібек жолы»
автомобиль базарлары бар.
Осы аптаның
басында шаһар басшылығы 25-қаңтардан бастап қалаға кіре берістегі 10
стационарлық бекеттің жұмысын күшейтуге тапсырма берді. Тым тозған жеңіл
көліктерге айыппұлдар салынбақ. Әкімшілік жазаны кір, әрі қоршаған ортаға
зиянды қалдықтарды көп шығаратын жүк көліктерінің иелері де арқалауы мүмкін.
Ескіріп кеткен көліктерді уақытша шаһарға кіргізбеу туралы нұсқау Универсиада
аяқталғанша күшінде болады.
Талант
Сүлейменов, жүргізуші:
Негізі кішкене қарсылығым бар. Өте ескі болса түсінемін. Көлікті кірігізбеу
кейбір адамдарға қиын. Онымен жұмысқа қатынап жүргендіктен. Негізі
түсіністікпен қарау да керек шығар деген ойдамын.
Салтанат Әзірбек, Алматы қ. ІІД ресми өкілі:
Сырты соғылып, жасалмаған, түрлі түсті, өзге де техникалық жағынан сай келмейтін көліктерге әкімшілік заң негізінде шаралара қолданылады.
Рахима Бөлекбайқызы, Алматы қ. №12 мамандандырылған гимназия директоры:
Балалардың салауатты өмір салтын ұстаулары, спортқа жақын болулары үшін демалыс беріліп жатыр. Қызықтап көу үшін, чемпиондардың өмірінен үлгі алу үшін. Қосымша демалыс күндері балалар өз еріктерімен барады. Ата-аналарымен барамын дей ме, болмаса достарымен барамын дей ме. Бірақ күштеу жоқ. Бұйрықпен апару жоқ.
Айбар Олжаев, Алматы қаласының тұрғыны:
Ғасырына бір рет келетін дүбірлі дода. Ол Алматыда одан кейін бола ма, бір құдай біледі? Оған тек министрлік пен әкімдік қана жауапты болмай, бұл алматылықтардың өздерінің де шаруасы. Мұндай жарыстан сырт қалу,үйде жатып қалу меніңше үлкен бір қателік болар еді.
Ришат
Асқарбекұлы, «Біздің уақыт».