Астанада насыбай және шегілмейтін темекі өнімдерін сатудағы заңбұзушылықтарды анықтау жалғасуда. Бұл жолы тәртіп сақшылары мен әкімдік қызметкерлері елорданың үш ауданында рейд болды. Барлық жерде дүкен иелеріне айыппұл салынып, олармен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Сарыарқа ауданының тәртіп сақшылары шағын сауда орындарына рейд жүргізді. Бірқатар дүкендерді аралады. Олардың бірінен тыйым салынған заттардың сатылғаны анықталды. Осылайша егесіне 92 мың теңгеден астам айыппұл салынды.
Әділ ҚАПСАЛЯМОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫ САРЫАРҚА АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
«Халық денсаулығы туралы» Кодекстің 110-бабына сәйкес дүкендерде рейд жүргізілуде. Бүгінгі таңда 200-ден астам дүкен араланып, 20-дан астам факті анықталды. Кәсіпкерді ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабына сәйкес 25 АЕК немесе 92 мың теңге айыппұл күтіп тұр.
Рейд барысында қаладағы ірі базарларда тексерілді. Мәселен, Байқоңыр ауданындағы «Астаналық базар» маңында сатушы қыздың зиянды заттарды көрнектеп қойғаны анықталды.
Бақдәулет АЙДАРБЕК, ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫ КОНГРЕСІНІҢ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДӘРІПТЕУ, ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Біз Астана қаласы жастар ұйымы Астана қаласы Байқоңыр аудандық әкімдігімен және Байқоңыр аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесе отырып, осы ауданға қарасты сауда орталықтарында және осы ауданға қарасты дүкендерде шегілмейтін темекі өнімдеріне жедел профилактикалық рейд жүргізілді. Рейд барысында осы ауданның дүкендерінен шегілмейтін темекі өнімдері, яғни насыбай, снюс анықталып 196-бап бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Шараға үкіметтік емес ұйымның өкілдері де атсалысты. "Белсенді азамат" қоғамдық қорының жетекшісі Гамал Түзелбаевтың айтуынша, заңды қатайту ұлттың дені сау болуына көмектеседі дейді.
Гамал ТҮЗЕЛБАЕВ, «БЕЛСЕНДІ АЗАМАТ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
2022 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, зерттеу жүргізген 2022 жылы. Біздің елімізде жасөспірімдеріміздің 9,8 пайызы жасөспірімдер вейп насыбай пайдаланды екен. Бұл өте зиян денсаулыққа. Бұл сұраққа Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі де көңіл бөліп отыр.
Нұра ауданында да тексеру жүргізілді. Дегенмен, зиянды өнімдерді сату фактілері анықталған жоқ. Тәртіп сақшыларының айтуынша соңғы уақытта зиянды заттарды сатушылар саны азайған.
Әнуар АМАНОВ, НҰРА АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРЫ:
Жалпы тиылуда. Жанағыдай никуличителоный товар дейді. Насвай, синус сатылуының алдын алудамыз. Көп жерде сатылмайды. Сатылу тоқталуда.
Бүгінде рейд барысында екі құқық бұзушылық анықталды. Айта кетейік, рейдтер Астананың барлық бес ауданында жалғасады.