$541.82 €627.1 ₽6.78
×

Дональд Трамп қызметіне кірісті. Меланья Трамп жаңа сән иконы?

AstanaTV
21.01.2017ж. 20:00
Дональд Трамп қызметіне кірісті. Меланья Трамп жаңа сән иконы?

Сөз соңы. Дональд Трамптың инаугурациясы өтті. Америка Құрама Штаттарының 45-президенті қызметіне кірісіті.

Трамптың инаугурациясы Америка дәстүріне сай өтті. Ал айтқанына келсек, «Бірінші кезекте – Америка!» деген ұранын қайталады. «Біз екі ережемен жүреміз: америкалық затты ал, америкалықты жалда». Жалпы Ақ үй бағдарламасына кішкене тоқталсақ, шельфтегі газ мен тақтатас мұнайына орай революциялық өзгерістерді қолдайды, тиісінше мұнай елдіруші елдердің ұйымы ОПЕК-ке тәуелділіктен құтылу жоспары бар. Сондай-ақ, сауда келісімдерін бұзды деп есептеген елдерге қарсы барлық инструменттерді қолданбақ. Мигранттарға қатысты саясаты белгілі.   

Жаңа президентті ұлықтау күндері мыңдаған адам көшеге шықты. Трампты қате сайланған прездидент санайтындар. Киноиндустрия, поп-музыка, сән әлемі жұлдыздарының көбісі қарсы екені мәлім.

Ал мына детальға қалай тоқталмаймыз. АҚШ-ң бірінші ханымы Меланья Трамптың инаугурация күні киген киімдері. Күндіз киген аспан көк көйлегі /жеңіл пальто сияқты/ шынында да керемет. Оны тіпті Американың барлық уақыттағы сән иконы Жаклин Кеннедимен салыстырып жатыр. Бұл параллель кездейсоқ емес. Меланьяның Ralph Lauren тіккен көйлегі мен жакетінің түсі «қант қағазы» деген түс көрінеді. Жаклин осы түсті қатты жақсы көрген, 1961 жылы отағасы Джон Кенедидің инаугурациясына соны таңдаған.

Ralph Lauren  (айтпақшы ол демократ, Хиллари Клинтон жүгінетін дизайнерлердің бірі), оның жаңа клиенті тамаша үлгі тапқан – тұнық, ықшам және керемет пішілген көйлек аңызға айналған Жаклиннің талғамын қайталайды, - деп жазды, Татлер басылымы. Ал кешкі балда киген крем түстес көйлегінің дизайнері кім екенін көпшілік біразға дейін таппай дал болыпты. Кейін «крем-көйлекті» дизайнер Эрве Пьермен бірге өзі дайындағаны анықталған.

Көк көйлек, көп көйлек... Сонымен бірге біреулерді ашуландырған, біреулерді қорқытқан, енді біреулерді «жарайсың!» дегізген мәлімдемелер. Әйтсе де «Трамп қандай президент болады» деген пікірлердің барлығы болжам. Оның қандай президент болатынын көретін, сезетін, білетін уақыт басталды.