Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қардың қарқынды еруі қала маңындағы елдімекен тұрғындарын әбігерге салды

26.03.2024ж. 20:00
274
Қардың қарқынды еруі  қала маңындағы елдімекен тұрғындарын әбігерге салды

Қостанай облысының оңтүстігінде де қалың қардың көбесі сөгілді. Арқалық қаласының маңындағы бірнеше елдімекендегі үйлерді су басты. Шаһар шетіндегі төрт ауылда 12 үй, 20 аула суда қалған. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 14 мың текше метр қарғын су сорылғанын хабарлады. Күннің күрт жылынуына байланысты қар тез еріп,тасқынның қаупі күшейе түсті. Жедел-құтқару жұмыстарына Қызылорда облысынан 31 адам, 6 техника, 10 мотопомпа, 2 қайық жеткізілді.Әскери бөлім қызметкерлері де жұмылдырылды.Облыс бойынша су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр.