Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Отбасы банкінің» бәсекелесі пайда болуы ықтимал

AstanaTV
26.03.2024ж. 22:42
1538
«Отбасы банкінің» бәсекелесі пайда болуы ықтимал

Қаржы нарығын реттеу агенттігі еліміздегі банктерді тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қосуды ұсынды Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Бүгінде жүйеге тек «Отбасы банкі» қосылған. Сондықтан аталған банктің салымшылары 3,5-5% аралығында ипотека ала алады. Ал басқа банкте мұндай төмен пайызбен пәтер алу мүмкін емес.

Агенттіктің ұсынысы қолдау тапса, қазақстандықтар өзіне қолайлы кез келген банкті таңдай алады.