$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Шымкентте жүздеген жедел жәрдем көлігі екі есе қымбат бағаға алынған

AstanaTV
27.03.2024ж. 08:13
2435
Шымкентте жүздеген жедел жәрдем көлігі екі есе қымбат бағаға алынған

Сот отырысында тергеу материалдары дәлелденді. Кәсіпкерге төленген қаражат мемлекет пайдасына қайтарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Антикордың хабарлауынша, 2019 жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде көліктерді жаңалау жобасы жүзеге асырылған, алайда тексеру анықтағандай, бюджеттен 2,1 миллиард теңге артық аударылған. Осыған қарамастан денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы көліктерді қабылдап, қаржының игерілгені туралы есеп берген.

"Аяқталған сотқа дейінгі іс жүргізу аясында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының құны асыра бағаланғаны анықталды. Осыған байланысты департаменттің ұсынымы бойынша әкімдіктің бейінді басқармасы сотқа тиісті талап қоюға бастамашылық жасап, жобаның құны 2,1 млрд теңгеге төмендету жағына өзгертілді", деп 24kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Алексей Колосковтың сөзін келтіреді.