Ақтөбе облысы Шалқар қаласында әлеуметтік желідегі пікірден соң жаппай төбелеске шыққан оқушылардың ата-аналарына айыппұл салынды.
Барлығы 13 баланың ата-анасы жазаланды.
Іс Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің «Ұсақ бұзақылық», «Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық» баптары бойынша қаралды.
«Шалқар қаласындағы көшелердің бірінде бір топ жасөспірім төбелес шығарып, қоғамдық тәртіпті және азаматтардың тыныштығын бұзды. Сот отырысында ата-аналар мен олардың кәмелетке толмаған балалары бұзақылық жасағанын толық мойындады. Соттың қаулысымен 14 пен 16 жас аралығындағы 7 жасөспірімнің ата-анасы 25 844 теңге, яғни, 7 АЕК айыппұл түріндегі әкімшілік жауапқа тартылды. 16 жасқа толған 6 жасөспірім ата-анасына 36 920 теңге айыппұл салынды. Оның ішінде бір істе отбасылық жағдайға байланысты айыппұл сомасы 30% төмендетілді. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлады Шалқар аудандық сотының баспасөз қызметі.