Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

"Делдалдар электр энергиясының тарифін негізсіз өсіріп отыр", - Е.Жаңбыршин

27.03.2024ж. 20:00
226
"Делдалдар электр энергиясының тарифін негізсіз өсіріп отыр", - Е.Жаңбыршин

Елімізде 120-дан астам реттелмейтін жеке компаниялардың бір жылдық таза табысы кемі 150 миллиард теңгені құрайды. Олар тек делдалдық қызмет арқылы, кеңседегі азғантай ғана қызметкерлерімен, халықтың адал табысынан миллиардтап қаржы тауып отыр. Мәжілісмен Еділ Жаңбыршин бұл туралы өзінің депутаттық сауалында көтерді. Ол нарықта электр қуатын көтерме бағамен сатып алып және тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын компанияларды сынға алды. Онымен қоймай олар электр энергиясының тарифінде негізсіз өсіріп отыр деді. Депутат мұндай делдал ұйымдарды мүлдем алып тастауды ұсынды.

Еділ ЖАҢБЫРШИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Сорақысы, бұл ұйымдардың балансында бір метр электр желісі, тіпті электр бағаны мен трансформаторы жоқ. Бұл не деген батпан құйрық?! Егер де бюджеттік ұйымдарды, адал кәсіпкерлерді, ең бастысы халықты сүлікше сорып отырған, қанағатсыз делдалдардың қызметі дәл осылай жалғаса беретін болса, бұның түбі қоғамда саяси-әлеуметтік шиеленіске әкелуі әбден мүмкін