$542.03 €627.29 ₽6.66
×

Үгіт жұмыстарымен Көкшетауға барған ақжолдықтар футбол сайысына қатысты

AstanaTV
03.03.2016ж. 20:00
1644
Үгіт жұмыстарымен Көкшетауға барған ақжолдықтар футбол сайысына қатысты

«Ақ жол» партиясы ірі есеппен жеңіске жетті. Бірақ саяси додада емес, әзірге футбол сайысында. Партияның үгіт-насихат жұмыстарымен Көкшетауға келген ақжолдықтар, жұмыстан бір сәт сергіп,  мини футболдан ұйымдастырылған жарыста бақтарын сынады. Жергілікті командалардың бірімен болған алғашқы ойында саясаткерлер командасы 8:0 есебімен жеңіске жетті. Ақжолдықтар осындай бейресми шаралар арқылы салауатты өмір салтын насихаттауды көздейді. Партияның сайлауалды штабы мүшелерінің өз сөздерінше, қауырт жұмысқа қарамастан, саяси алаңды уақытша спорттық алаңға алмастырудан бас тарта алмаған көрінеді. Сайыстан соң штаб мүшелері азаматтарға өздерінің саяси бағдарламаларының басым бағыттарын кеңінен таныстырды.

Әсет Атабаев, «Ақ жол» ҚДП мүшесі:   

Біз ең бастысы - мына кіші кәсіпкерлікті ары қарай дамытуымыз керек, қолдауымыз қажет. Мысалға, мына салық жүйесі бойынша, көптеген мәселелерді қайта қарауымыз керек. Оларға салық жағынан көптеген мүмкіндіктер беруіміз керек.



Азамат АЛДОҢҒАРОВ