Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Павлодарда бастауыш партия ұйымдарының форумы өтті

28.03.2024ж. 20:00
359
Павлодарда  бастауыш партия ұйымдарының форумы өтті

Павлодарда "AMANAT" партиясы бастауыш партия ұйымдарының форумы өтті. Жиында өңірдегі 214 ұйымның өкілдері бас қосты. Олар өзара тәжірибе алмасып, мәселелерді ортаға салды. Форумның мақсаты ұйымдардың жұмысын жандандырып, оларға қолдау көрсету. Бастауыш партия ұйымдары биыл 70-тен астам қоғамдық қабылдау өткізген. 500-ден астам тұрғын келіп, мәселелерін жеткізген. Түйткілдердің 60 пайызы оң шешімін тапқан. Аймақта партияның 49 мыңға жуық мүшесі бар. Жиын соңында қоғамдық жұмыста белсенділік танытқан бастауыш партия ұйымдары марапатталды. 

Нұрмира ЖАҚЫПОВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ШАРБАҚТЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ "ӘЛЕМ-БІЛІМ" БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Біздің ұйымның ерекшелігі жастарды белсенді жұмыстарға тартып отырып, қоғамға қызмет ету. "Ардагерлерді ардақтайық", "Бақытты отбасы" тағы партиялық жобаларды іске асыра отырып, қоғаммен бірлесе қызмет етіп отырмыз. «Бақытты отбасы» партиялық жобасы бойынша біздің бастауыш партия ұйымының қызметкерлері, мүшелері үнемі қоғаммен байланыстамыз.