Ақтөбе облысы бүгін үшінші тәулік топан сумен күресіп жатыр. Облыста әлі да болса барлық аудан және облыс орталығын су басу қауіпі бар. Өңір басшысы Асхат Шахаров халықты сабырға шақырып, үндеу жариялады. Бүгін Қобда ауданында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды.
Өңірде жағдай қиын. Топан су жолындағының барлығын жайпап келеді. Өңірде 130 үй мен 225 ауланы су басқан. Ол жерден 831 адам эвакуацияланды. 129 ірі қар амал қауіпсіз жерге көшірілді. Өңірде республикалық облыстық маңызы бар 15 тас жолды суды шайып кетті. Қазір 16 елдімекенмен қатынас жоқ.
Тарас КОВАЛЕНКО, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ТЖ АЛДЫН АЛУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:
В самом селе Кобде из-за талых вод идет скопление...Қобданың шетінен бастап қар суы келіп жатыр. Қобда да қазір адамдар қауіпсіз жерге көшірілуде. 320 қапшық, 500 тонна инерттік материал қолданылды.
Топан су бүгін Ақтөбенің орталығына дейін жетті. Бүгінде 73 үйге су кірді. Барлық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Сазды өзені арнасынан тасып, бірнеше орталық көше суға кетті. Қауіптің бетін қайтаруға арнайы қызметтермен қатар ҚР Ұлттық ұланның 6655 әскери бөлімі 150-ге жуық сарбазы көмекке келді.
Тасқыннан зардап шеккендерге «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері жәрдемдесті. Еріктілер Темір ауданы Шұбар құдық елдімекенінде тасқын судан зардап шеккендердің үйін қалпына келтіру жұмыстарын атқарып, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшірді. Бүгін Елек арнасынан тасып, маңындағы үйлерге қауіп төнді. Елуден астам ерікті өзен-көлдер жанында орналасқан үйлерге су кірмес үшін арнайы бөгеттер жасауға атсалысуда.
Әлішер ТЫНЫШТЫҚ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ АОФ ТӨРАҒАСЫ:
Елек өзені көтеріліп жатыр. Ол осы дачаларға су өтіп кетпес үшін барикадалар құрап жатырмыз. Күні кеше Шұбарқұдық кентіне Жастар рухы жастар қанатының белсенділері жол тартты. Жиырмаға жуық белсенді сол жақтағы су тасқынынан зардап шеккен үйлерге көмектесіп, үйлерді қалыпқа келтіру бойынша жұмыстар атқарды.
Бақыт ҚАЗАНҒАПҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
Біз қазір Қарғалы2 бау бақша ұжымында тұрмыз. Бұл жердегі халық түнімен көшірілген. Қазір қырық шақты отбасы эвакуациялық бекетте орналастырылған.
Бұл эвакуациялық бекетте қазір 90 адам бар. Көпшілігі үйлерінен тек құжаттарын ғана алып үлгерген. Айтуларынша топан су көзді-ашып жұмғанша үйге кірген.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- 14 үйге су кіріп тұр. Жоғарыдағылардың подвалы су, канализация шығып жатыр. Қалғандары ыдыс-аяғы, киімі билеп жүр. Жихазы бәрі қалқып. Терезенің ортасына келіп тұр судың биіктігі.
- Уже эвакуациямен адамдарды шығарып, келіншек балаларымызды шығарып, еркектер қалдық. Түнде уже осылай үйге кіре алмадық.
Аймақта арнайы комиссия құрылып, су тасқынынан зардап шеккен үйлер анықталып жатыр. Бүгін облыс әкімі халыққа үндеу жариялады.
Асхат ШАХАРОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:
Қазіргі уақытта аймақта су шайған жолдар, көпірлер мен өткелдер, су басқан үйлер мен аулалар бар. Кеше ауданда болсам, бүгін қаланы аяқтай жүріп қарап шықтым. Материалдық шығында құрылған комиссия анықтайтын болады. Тұрғындарымызға сабырлықтары үшін алғысымды білдіремін. Ешбір адам назардан тыс қалмайды.
Әзірге өңірде тәулігіне көмек сұраған төрт мыңға жуық қоңырау түсіп отыр. Бес жуз мың текше метр су сорылып, 4 мың тонна инерттік материал төселген. Су тасықынымен күреске 1700 ден астам адам және 440 бірлік техника жұмылдырылды.