Қырғызстанда 10 жастағы інісінің өліміне себепкер болып 18 жастағы бойжеткен қамалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. Бұл туралы Ош облыстық полициясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ведомство мәліметінше, 25 наурызда Қара-су ауданының ішкі істер бөліміне 10 жастағы баланың өлімі туралы хабар келіп түскен. Белгілі болғандай, інісін 18 жастағы әпкесі өлтіріп алған. Ол баланың мойынына үшкір зат тығып жіберген. Бала оқиға орынында қаза болды.
Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.