$542.03 €627.29 ₽6.66
×

«Ауыл» партиясы «Менің ауылым» акциясын іске қосты

AstanaTV
03.03.2016ж. 20:00
2777
«Ауыл» партиясы «Менің ауылым» акциясын іске қосты

«Ауыл» халықтық демократиялық патриоттық партиясы үгіт-насихат шарасының қатарын еселетуде. Сайлауалды бағдарлама аясында «Менің ауылым!» атты акциясын іске қосты. Енді кез келген азамат өз туған жері туралы мағлұмат таратуға мүмкіндігі бар. Яғни, партияның ресми сайтына осы хэштэг арқылы фотосурет жолдауы тиіс. Бүгін акцияға алғашқылардың бірі болып, Астана студенттері қатысуда. Арман қуып, бас қалада жүрген түлеп ұшқан мекендері жайында көп ақпармен бөлісіп жатты. Айта кетсек, үздік танылған фото «Ауыл» партиясының сайтынан бөлек, баннер ретінде де қолданылуы мүмкін. Есепке жүгінсек, Қазақстан халқының 45 пайызы, яғни 8 млн.-ға жуық тұрғыны ауылды аймақта тұрады екен. Партия белсенділерінің пікірінше, ел экономикасын модернизациялауда ауыл мен агроөнеркәсіптің алатын орны ерекше. 


Оспан Әлі, «Ауыл» ХДПП республикалық қоғамдық штабының мүшесі:

Бұл акцияға тек қана шектеулі адамдар ғана емес, бүкіл Қазақстан азаматтары қатысып, ауылдың рухани құндылықтарын насихаттау мақсатында, жалпы ауылдың портретін көрсетуге жоспарланған жоба. Менің ауылым хэштегімен әр азамат өзінің әлеуметтік желісіне жүктей береді. 


Құралай ПИОНЕР