$488.11 €530.09 ₽5.01
×

ТЖМ Ақтөбедегі жағдай туралы айтты

AstanaTV
28.03.2024ж. 23:42
850
ТЖМ Ақтөбедегі жағдай туралы айтты

Ақтөбе облысы ТЖД бастығы Нұрғали Жунусов су тасқыны жағдайы бойынша айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сондай-ақ ауа-райының күрт жылынуы салдарынан Ақтөбе қаласы, Елек өзені бойында бау-бақша ұжымдарындағы үйлерге еріген қар суы кіру қаупі туындады.

Осыған байланысты облыс әкімі төрағалымен жоспардан тыс Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының отырысы өткізілді.

Отырыс нәтижесі бойынша Ақтөбе қаласы Елек өзені бойындағы бау-бақша ұжымында тұратын халықты уақытша орналастыру орындарына көшіру туралы шешім қабылданды.