$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақтөбе облысының тағы бір ауданында төтенше жағдай жарияланды

AstanaTV
29.03.2024ж. 15:15
550
Ақтөбе облысының тағы бір ауданында төтенше жағдай жарияланды

Ақтөбе облысының Үйіл ауданында көктемгі су тасқынына байланысты 2024 жылдың 29 наурызында төтенше жағдай жарияланды. Бір ауылды толығымен су басып қалды.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, бес ауылды су басу қаупі бар: Қаратал, Қарасу, Амангелді, Қарасу, Көптоғай. Ал Екпетал ауылы толығымен су астында қалды. Көктемгі су тасқыны Үйіл өңіріне үлкен қиындықтар туғызуда.

"Осыған байланысты бүгіннен бастап ауданда жергілікті төтенше жағдай жарияланды. Сондықтан осы елді мекендердің барлық тұрғындарын қауіпсіз аймаққа шығуды сұраймыз. Ең бастысы - адам өмірі", - деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.