$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау және конкурстық іріктеу ережелеріне өзгеріс енгізілуі мүмкін

29.03.2024ж. 20:00
642
«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау және конкурстық іріктеу ережелеріне өзгеріс енгізілуі мүмкін

"Болашақ" бағдарламасына құжат қабылдау және конкурстық іріктеу ережелеріне өзгерістер енгізілуі мүмкін. Бұл мәселе «AMANAT» партиясы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі республикалық кеңестің отырысында талқыланды. Кеңес төрағасы, депутат Нартай Сәрсенғалиев бағдарламада кемшіліктер мен қайта қаралуы тиіс мәселелер бар екенін айтты. Мәселен, стипендия алуға өтініш білдірген ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайы ескерілмейді.

Нартай СӘРСЕНҒАЛИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

"Болашақ" бағдарламасы, соңғы жылдары ауыл балаларына да бағдарлама ашқан. Бірақ, ішінде ауыл халқының әлеуметтік жағдайы ескерілмеген. Кемінде 30-50 млн жылжымайтын мүлік керек, "Болашаққа" бару үшін. Оны кепілге қойып барасыз. Ал ауыл халқында талантты, талапты бала "Болашаққа" түскенде, 30-50млн-ның мүлігін қайдан алады ауылдағы бала. Оған өзге адам қаладағы үйін бермейді.

"Автоматтандыру контекстінде конкурстық іріктеу процесі қайта қаралады" деді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамының басқарма төрайымы Әлия Оспанова. Ұйымдар мен кәсіпорындардың тапсырысы бойынша топтық тағылымдаманы енгізу, постдокторантураны жолға қою жоспарда бар екенін айтты. Сондай-ақ, ауыл квотасы көбеюі мүмкін.

Әлия ОСПАНОВА, "ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Болашақ университеттерінің тізімі, осы тізімді біз қазір QS-тің Times herald education-нің әлемдегі мыңдық рейтингіне емес, subject рейтингіне бұрып жатырмыз. Неліктен? Өйткені, бұл рейтинг әсіресе, арнайы бағыттарға бағытталған университеттерді алсақ, олар кейде әлемдік мыңдыққа келмейтінде мүмкін. Біақ осы арнайы subject бойынша олар жоғары деңгейде болады.