$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Оқу ақысын мемлекет төлейді

29.03.2024ж. 20:00
851
Оқу ақысын мемлекет төлейді

Биыл гранқа түсе алмай қалған талапкерлерге мемлекет екінші мәрте тегін оқуға мүмкіндік береді. Бірақ, ол тек ҰБТ- ден жоғары бал жинаған, мектепті үздік тәмәмдаған түлектерге қатысты. Жоба биыл алғаш рет жүзеге асырылады. Грантқа ілікпеген студенттер арасында конкурс өткізіледі, Комиссияның сүзгісінен өткен түлекке жоғарғы білім министрлігі оқу ақысының жартысын немесе 70% ын төлейді. Министрлік мәлімдемесі бойынша, сараланған шәкіртақы негізінде 150 грант педагогикалық бағыттағы мамандықтарға, қалған 150 грант жаратылыстану ғылымдарына беріледі.

Жанна ЕСЕНБАЕВА, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАРЫ:

 Ағымдағы жылы бұндай 300 грант тағайындалатын болады және бұл гранттың құны толық грант құнының 50 пайызын құрайды.Қазіргі уақытта мемлекеттік білім беру тапсырысының толық көлемі бізде министрліктің бұйрығымен бекітілді.Жалпы бакалавриат деңгейіне бөлінетін гранттың саны 78219 т құрап отыр.