Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

"Қазақстанда әрбір бесінші адам құмар ойын ойнайды", - Е.БЕЙСЕНБАЕВ

"Қазақстанда әрбір бесінші адам құмар ойын ойнайды", - Е.БЕЙСЕНБАЕВ

Әрбір бесінші қазақстандық құмар ойынға тәуелді. 400 мың адам букмекерлік кеңселер мен казинолардың тұрақты клиентіне айналған. Бұл- соңғы 2 жарым жылдағы көрсеткіш. Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев осылай дейді. Қоғамдық палата отырысында ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң жобасы талқыланды. Онда букмекерлік кеңселер мен казинолардың жарнамасына шектеу мәселелері қарастырылған. Интернет-ресурстары мен ресми сайттарда, телеарналар мен радиоларда, мерзімді басылымдар мен кино беттерінде жарнамаға толық тыйым салынады. Сондай-ақ жасөспірімдердің құмар ойындары мен бәс тігуіне шектеу қойылып, оған жол берген заңды тұлғаларға айыппұл салынады. Қылмыстық жаза да қарастырылған.

 Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "АМАNАТ" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Ажырасулардың да 40 пайызы осы лудоманияға тікелей байланысты. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа баратындардың да дені осы құмар ойынына шалдыққандар. 2022 жылдың есебі бойынша елімізде 3600-ден астам азамат өз-өзіне қол жұмсаса, оның әрбір бесіншісінің себебі осы лудомания екен. Сонымен қатар қылмыс жасайтындардың да 20 пайызы осы лудомандар екені белгілі болып отыр.