Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Атырауда жаңбыр суынан үйлер тұруға жарамсыз боп қалып жатыр

29.03.2024ж. 20:00
204
Атырауда жаңбыр суынан үйлер тұруға жарамсыз боп қалып жатыр

Ал атыраулықтар жаңбыр суынан зардап шегіп отыр. Баспаналар тұруға жарамсыз боп қалып жатыр. Еден асты суға толып, жылу қазандығы істен шыққаны былай тұрсын, қабырғалары жарылып, құлағалы тұр. Амалы таусылған тұрғындар туған-туысты жағалауға көшкен.

Жаңбыр суы үстінде тұрған Сұлтан Бейбарыс көшесіндегі мына үйдің қабырғаларындағы жарық сағат сайын үлкейіп барады. Таңға таман 80-дегі анасын туыстарының үйіне көшіруге тура келген.

Айсұлу ДӘУЛЕТОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Вакум аумин келген де жоқ. мамамыз мына жерде жатты. Қай қыздың қолына барам, қай күйеу баламның қолына барамын деп. Сіңлім телефон соқты маған. Айсұлу апай, осындай жағдай болып жатыр, үй тырсылдап жатыр деп. Осы жерде Мамамыз жатты. Өзі үлкен кісі ғой, давлениесімен балдақпен жүреді. Аяқ астынан құда балалар келіп, құдайға шүкір 5-6 жігіт болып мамамызды көтеріп азар шығарды.

Енді мүгедек анасы мен үш баласын бағып отырған жалғызбасты келіншек далада қалды. Олар тым болмағанда баспана кезегін қалпына келтіріп беруді сұрайды. Екі күнде бір айлық жауын-шашын түскен. Бірақ, әкімдік ақпаратынша, шаһарда жаңбыр суынан тұруға жарамсыз боп қалған бір де бір үй жоқ.

Ғасырбек ТӨЛЕГЕН, ҚАЛА ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

165 тұрғыннан аулама су жиналды деген өтінім түсіп, орындалды. 46 тұрғынның аула ішіндегі көлік тұратын гаражы, қашан ошағы тұратын, үй сырттағы және жазғы ас үйлеріне су кіріп және үйдің кіреберісіне су кіріп фактілері орын алып тазартылды. Қалалық әкімдікке апаттық немесе жарамсыз болып қалған тұрғын үйлер туралы ақпарат келіп түскен жоқ.

Қаладан бөлек, Қызылқоға ауданындағы жағдай алаңдатарлық. Аудан аумағындағы Ойыл, Сағыз, Ноғайты өзендерінде су деңгейі тәулік сайын көтеріліп, 51 елдімекенге қауіп төніп тұр.

Руслан ШАРИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазгидромед болжамына сәйкес, біздің өңір Атырау облысы 5 тәулік бойынша қып-қызыл болып жанып тұрмыз. Экстремалды қауіпті аймақта орналасып отырмыз. Біріншіден Ойыл, Сағыз, Ноғайты.Одан бөлек Жеміміз бар. Оның артында сәуір айының аяқ жағында Жайық өзені бойынша су деңгейі көтерілді.

20 маманнан тұратын бір топ ауданға көмекке жолға шықты. Ауыл тұрғындарын да қолдарына күрек алып, дамба биіктетуге шақырып отыр.