Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға «AMANAT» партиясы гуманитарлық көмек көрсетіп жатыр

29.03.2024ж. 20:00
286
Тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға «AMANAT» партиясы гуманитарлық көмек көрсетіп жатыр

Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетіліп жатыр.Игі бастамаға «AMANAT» партиясының облыстық филиалы мұрындық болды. Азық- түлік, көрпе-жастық, күрек-қапшық. Елге ең қажетті заттар су басқан аймақтарға ертең жөнелтіледі. 20 тоннаға жуық жүкті жинауға аудандық филиалдар да атсалысуда. Партия мүшелері мен кәсіпорын басшылары да қол ұшын созып, қиындыққа тап болған халыққа қарайласып жатыр. 

Жанар КУЙШИНОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚОФ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Осындай қиын жағдайда, сынақ келген уақытта бірігіп бірге жұмыс жасаймыз деген ойдамын.Сондықтан да «Күшіміз бірлікте» деп «AMANAT» партиясының бастамасымен біздің жерлестерімізге көмегімізді жолдап жатырмыз.