Күзетшіні көлікпен екі рет жаншып, содан соң соққыға жыққан. Оқиға Алматыдағы элиталы үйлердің бірінде болды. Зардап шеккен жігіт ауруханада көз жұмды. Болған жайттан кейін тұрғындар қатты қорқып қалғандарын айтады. Қаза тапқан азаматтың артында 3 баласы мен жары қалды.
Серік УМЕРАЛИЕВ, ОҚИҒА КУӘГЕРІ:
Біз қатты дауысты естідік. Мен өзім екінші этажда тұрамын. Бірден терезеден сыртқа қарадым. Айқайлаған дауыстар шығып жатқасын далаға жүгіріп шықтым. Жағдайды көріп бірден жедел-жәрдем, полиция шақырдым. Бір полицей жігітке көмектесіп жатты, біз қалған үш полицеймен бірге күдіктінің артынан 14-ші этажға көтерілдік. Басында ата-анасы кіргізбеді, ұзақ сөйлесуден кейін қылмыскерді қолға түсірді.
Полиция бұған қатысты қылмыстық іс қозғады. Күдікті қамауға алынған.
Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Алдын ала мәлімет бойынша тұрғын үй кешенінің күзетшісі мен тұрғын арасында жанжал шығып, нәтижесінде, 45 жастағы ер адам күзетшіге өмір сүруге сәйкес келмейтіндей дене жарақаттарын салған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, қылмыстың басқа да мән-жайы анықталуда.