ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев Астанада қарызға белшесінен батып, есірткі сатумен айналысқан отбасы мүшелері ұсталғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
"Жақында Астанада ерлі-зайыпты ұсталды. Отбасы мүшелері кредиттерін жабу үшін есірткі сатумен айналысқан. Тергеу барысында отбасы мүшелері бұл әрекетті бір-ақ рет барып, кейін тоқтатуды ойлағанын айтты. Бірақ Ішке істер министрлігінің жедел қызметкерлері оларды тез ұстады. Ерлі-зайыпты 10 жылға бас бостандығына айырылуы мүмкін", - деді Шыңғыс Алекешев ІІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Оның сөзін Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің орынбасары Бақытжан Әмірханов толықтырды.
"Бұл оқиға шамамен 1,5-2 ай бұрын болды", - деді ол.