Қарағанды облысында еріген су салдарынан республикалық маңызы бар төрт жол және облыстық маңызы бар сегіз жол жабылды. Полиция қызметкерлері мен құтқарушылар осы жерлерде кезекшілік етеді.
Өңірдегі жағдайға байланысты полицейлер көлік жүргізушілерін аз-аздан жіберіп жатыр. Жолдың жабылуы салдарынан 150 көлік жолда тұрып қалған. Жеңіл көліктер мен ауыр жүк көліктері Қарағанды мен Ақсу-Аюлы арасындағы жолда тұр.
"Қарағанды облысындағы жолдардың 37 учаскесін еріген қар суы шайып кетті. Осыған байланысты республикалық және облыстық маңызы бар сегіз жол жабылды. Ақсу - Аюлы ауылының маңындағы Қарағанды - Балқаш жолының учаскесінде еріген қар суы толып кетті, тереңдігі 50 сантиметрден асады. Полиция қызметкерлері жолдарды жапты, олар күшейтілген режимде қызмет атқарады. Қарағандыдан шығар жолда 150-ден аса көлік жиналды. Жүргізушілерді қауіпсіздік мақсатында алыс сапарлардан бас тартуға шақырамыз", - деді Қарағанды облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қайырбек Шәкенов.
Сондай-ақ, тәртіп сақшылары су тасқыны қаупі бар аймақтардан халықты эвакуациялауға жұмылдырылған.
"Халық Ақсу-Аюлы ауылына жеткізілді. Біздің қызметкерлер тәулік бойы жұмыс істейді", - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.