Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Ақтөбеде су ортасында қалып, тікұшақ сұраған ауылдың халқын эвакуациялап жатыр

AstanaTV
30.03.2024ж. 16:37
389
Ақтөбеде су ортасында қалып, тікұшақ сұраған ауылдың халқын эвакуациялап жатыр

Ойыл ауданы Қаратал ауылының тұрғындары эвакуацияланып жатыр. Әзірге 27 адам аудан орталығына жеткізілді.

Ойылдың Қаратал (Ш.Берсиев) ауылының тұрғындары аудан орталығындағы эвакуациялық пунктілерге орналастырылып жатыр.

Ойыл ауылындағы спорт мектебі, аграрлық колледж және 38 үй эвакуациялық пункт ретінде ұйымдастырылған.

Бұл орындарға осы ауыл тұрғындары көшіріледі. Төсек-орын, гигиеналық заттар, тамақтандыру жағы қарастырылған.

«Сондай-ақ, дәрігерлік көмек қажет болса аудандық аурухананың барлық қызметкерлері әзір. Медициналық құрал-жабдықтары мен дәрі-дәрмектер бар. Ақтөбе облыстық балалар ауруханасының реаниматолог, хирург, педиатрларымен бірге, № 2 Ақтөбе қалалық емхананың бас психологы да эвакуациялық пунктке барды, — деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.