Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Үйінен көшірілген адамдар тұрып жатқан ақтөбелік мектептер сабақты онлайн өтеді

AstanaTV
31.03.2024ж. 13:01
320
Үйінен көшірілген адамдар тұрып жатқан ақтөбелік мектептер сабақты онлайн өтеді

Ақтөбе облысында эвакуациялық бекет деп танылған және суға кеткен немесе суға кету қаупі бар мектептерде сабақ қашықтан ұйымдастырылады.

Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан 1 сәуірде оқу процесінің қалай ұйымдастырылатынын хабарлады.

— Эвакуация пунктері ретінде қызмет етіп жатқан білім беру ұйымдарында оқу процесі — қашықтан, ал басқа су қаупі төнбеген мектептерде сабақ қалыпты жағдайда өтеді, — деді ол.

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысындағы 32 білім беру ұйымында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар орналастырылған.

Онда барлығы 3 мыңнан астам адам бар болса, оның тең жартысы — бала.

Сонымен бірге суға кеткен және суға кету қаупі бар мектептер тізімінде Ойыл ауданында 14, Темірде 5, Қобдада 6, Хромтауда 2 мектеп бар.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе облысы бойынша Қобда, Ойыл, Әйтеке би, Мұғалжар, Темір аудандары мен Ақтөбе қаласында төтенше жағдай жарияланды.