Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Жоғалғанына 1 жыл болған келіншектің жағдайы белгілі болды

AstanaTV
01.04.2024ж. 00:12
1150
Жоғалғанына 1 жыл болған келіншектің жағдайы белгілі болды

Қырғызстанның Ош қаласында жоғалған келіншек Бішкектен табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kabarlar_tv Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Жаңа туған баласын туыстарына тастап кеткен келіншек қайын жұртынан қысым көрген. Сол үшін басқа қалаға кетіп қалған. Ол Бішкектегі тігін цехында жасырын жұмыс істеп жүрген.

Келіншекті полиция туыстарына тапсырды.

"Үйде қысымға шыдамадым. Сол үшін цехта жасырынып жұмыс істедім. Сыртқа шықпадым. Соның ішінде пәтер жалдап тұрдым. Бірақ ерте ме, кеш пе үйге барамын деп жүргенмін",- деген келіншек.