$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Президент: зардап шеккен азаматтардың шығыны толық өтеледі

AstanaTV
01.04.2024ж. 14:40
704
Президент: зардап шеккен азаматтардың шығыны толық өтеледі

Президент су тасқыны мен өртке қатысты жағдайдың жыл сайын қайталанатынын баса айтып, жауапты органдардың жұмысын сынады. Сонымен қатар, азаматтарға алаңдамау керектігін, мемлекет пен кәсіпкерлер барлық шығынды өтеп беретіндігін айтты. 

Мемлекет басшысы 2024 жылдың 1 сәуірінде өткен республикалық штаб отырысында су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың барлық шығыны өтелетіндігін айтып, елдегі кәсіпкерлерге материалдық көмек беруге үндеу жасады.

"Су тасқынынан зардап шеккен адамдарға тиісті барлық көмек көрсетілсін. Бұл мақсатқа Үкіметтің және әкімдіктердің резервін ғана емес, "Қазақстан халқына" қорының қаржысын да пайдалану қажет. Осындай жауапты сәтте еліміздегі бизнес өкілдерін халыққа қол ұшын созуға шақырамын",-деді Президент.