Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қауіпсіздік шаралары пысықталды

01.04.2024ж. 20:00
179
Қауіпсіздік шаралары пысықталды

Астана іргесіндегі Қоянды елдімекенін су басуына басты себеп инфрақұрылым дұрыс салынбаған. Жергілікті билік өкілдері осылай дейді. Қарғын суды тазартуға 35 сорғыш құрылғы берілген. Сала мамандарының айтуынша 75 мың куб су шығарылған. Жалпы 14 техника жұмылдырылған. Ұлттық құрылтай мүшелері ауылдың ахуалымен танысып, қауіпсіздік шарасына мән беру қажеттігіне тоқталды.

Әскер ПИРИЕВ, ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ МҮШЕСІ:

Жалпы бұл су бірінші рет емес. Әр жыл болатын нәрсе. Мына ауыл жоқ кезде су келген бұл жерге. Ауыл өскен кезде инфрақұрылымын ескермеген. Мұны ашып айту қажет. Бағана мектепке барған кезде көрдік сол жақа. Төтенше жағдайлардың қызметкерлері орналасқан екен.


Келесі жаңалық