Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Шахан қорына қазақстандықтар 102 миллион теңге аударған

AstanaTV
26.01.2017ж. 20:00
1990
Шахан қорына қазақстандықтар 102 миллион теңге аударған

Шахан ауылында жарылыстан баспанасыз қалған тұрғындарға алғашқы пәтерлер сатып алына бастады. Қазір қыс мезгілінде далада қалған тұрғындарға қолұшын созған азаматтар қорға 102 миллион теңге аударған. Бұл қомақты қаражат зардап шеккен барлық тұрғындарға баспана алуға жеткілікті. Бұл туралы Шахан ауылында өткен жиында қордың қамқоршылық кеңес төрайымы мәлімдеді.  

Жамал Мамерханова, қамқоршылық кеңестің төрайымы:

Бүгінгі күні 102 миллион теңге жиналды. 4 пәтер сатып алдық. Олардың ішінде үш, екі және бір бөлмелі пәтерлер бар. Алексеенко отбасына да жаңа баспана алдық.

Естеріңізге салайық, 1 қаңтарда  көпқабатты үйдің астында орналасқан қазандықтың жарылысынан 9 адам көз жұмған болатын. Ғибараттың толықтай бір подъезді қирап қалды. Қамқоршылық кеңесте барлығына жаңа үй алып беру шешілген. Ал қалған бөлігін тұрғындар біріге отырып қалпына келтірмекші.

Бүгін Шаханда өткен әкім есебінің негізгі бөлімі жылу мәселесіне бағытталды. Ауылда 117 көпқабатты тұрғын үй жылу тартылмаған. 17 үйлердің жертөлесіне қауіпті қазандық орнатылған. Шахандықтардың талабы біреу. Ол - барлығына ортақ қазандық салу. Қазір бұл өтініш ұлттық энокомика министрлігіне жөнелтілген. Ал жарылысқа байланысты тергеу Қарағанды облысының арнайы прокуратурасында қаралып жатыр.