Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы ислам дінін қабылдамақ

AstanaTV
26.01.2017ж. 20:00
2571
АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы ислам дінін қабылдамақ

АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Мадлен Олбрайт ислам дінін қабылдамақ. Бұл президент Дональд Трамптың миграциялық саясатты күшейтуге деген бұйрығына қарсы наразылығы. Мұны ТАСС агенттігі хабарлап отыр. Демократиялық партияның мүшесі сәрсенбі күні өзінің Twitter-дегі парақшасында: «Мен католиктік тәрбие алдым, кейін епископальді шіркеуге баратынмын. Қазір менің отбасым иудей сенімінде. Енді ынтымақтастық туралы ойлай келе, Ислам дінін қабылдауға дайынмын. Қош келдіңдер, босқындар», - деген жазба қалдырған.

Мадлен Олбрайттың бұл шешіміне Трамптың шекаралық қадағалау мен миграциялық саясатты күшейту туралы заңға қол қойғаны себеп болып отыр. Аталмыш құжат жобасында  АҚШ-та босқындарды қабылдауды 120 күнге тоқтатып, 7 бірдей мұсұлман елі Ирак, Иран, Йемен, Ливия, Сирия, Сомали мен Судан азаматтарына тағы 1 ай мерзімге виза беруді тоқтату туралы айтылған.