$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Еуропадан Қазақстанға 83 жүк көлігі заңсыз әкелінген

AstanaTV
02.04.2024ж. 13:35
537
Еуропадан Қазақстанға 83 жүк көлігі заңсыз әкелінген

Қостанай облысында 83 ауыр салмақты көлікті бастапқы тіркеу үшін алым төлемей заңсыз тіркеу фактісі бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды,- деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржы мониторинг агенттігінің мәліметіне сай, республика бойынша басталған ауқымды тексеру аясында Қостанай облысының бірқатар тұрғындары 2020-2023 жылдар аралығында Еуропадан Қазақстан аумағына шет мемлекеттердің шығарылған жылы туралы жалған ақпаратты көрсететiн тіркеу куәліктерін пайдаланып, жүк көліктерін әкелгені анықталды. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 591 млн теңгеге жеткен.

Салық кодексіне сәйкес, шығарылған күні расталған жүк көліктері үшін төленетін сома 2500 АЕК болатын еді, бірақ күдіктілер жалған құжат арқылы 350 АЕК төлеген. Бұл бастапқы тіркеу төлемін 7 млн теңгеден 700 мыңға дейін төмендетуге мүмкіндік берді, - деп хабарлады ҚР ҚМА баспасөз қызметі.