Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Шымкентте бір отбасының мүшелері есірткі таратумен айналысқаны үшін сотталды

Шымкентте бір отбасының мүшелері  есірткі таратумен айналысқаны үшін  сотталды

Шымкентте бір отбасының мүшелері есірткі таратумен айналысқаны үшін сотталды. Олар -әкесі мен анасы, және 22 жастағы баласы. Ұйымдасқандар есірткіге тапсырысты интернет арқылы қабылдаған. Сатып алушыларға дозалық есірткі орамаларын дайындап, қала аумағында жасырын орындарға қалдырып жүрген. Полицейлер тұрғылықты жерлерін тексеру кезінде есірткі заттары және оларды өлшеп-орауға арналған жабдықтар тауып, тәркіледі. Жедел іс-шаралар кезінде полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері отбасының 3 мүшесімен қоса тағы екі адамның серіктес болғанын анықтады. Отбасының 22 жастағы ұлы, яғни қылмысты ұйымдастырушы сот үкімімен 18 жылға бас бостандығынан айырылды, қалған 4 -уінің әрқайсысы 16 жылға сотталды.