Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Ақтөбеде екі мыңға жуық ерікті сын сағатта халыққа көмек қолын созуда

02.04.2024ж. 20:00
281
Ақтөбеде екі мыңға жуық ерікті сын сағатта халыққа көмек қолын созуда

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардың тұрғындарына жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр. Еріктілер төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен, әскери құрылымдармен және полицейлермен бірге күндіз-түні жұмыла жұмыс істеп жүр. Ақтөбеде белсенді жастар үйсіз-күйсіз қалғандарды азық-түлік, киім-кешекпен қамтамасыз етіп, көпбалалы отбасыларды уақытша баспанаға орналастыруда.

Жангелді Ташқұлов тасқыннан зардап шеккендерді көргенде жүрегім ауырды дейді. Сондықтан бірден әлеуметтік желіге жариялап, қызының екі бөлмелі үйін тасқыннан зардап шеккен көпбалалы отбасыға уақытша тұруға беріпті. Енді ауласындағы шағын үйге де отбасы келіп тұруына босатып қойған.

Жангелді ТАШҚҰЛОВ, ТҰРҒЫН:

Қаламыз суға кетті. Оның бер жағында ауылдарды естіп,көріп жатырмыз. Содан ананы көріп отырып шыдап отыра алмадым. Қолымыздан келген жәрдем болсын деп халық есін жиып, неткенше кірем деген адам болса кірсін деп ше. Үш баласымен кіріп жатыр, біреуі құндақта.

Қала мен облыстың бес ауданында төтенше жағдай жарияланғалы еріктілер дабыл таппай жүр. Солардың бірі -Әлішер Садық. Ол достарымен бірнеше әлеуметтік желіде топтар ашып, көмекті жұмылдыра білген. Олар тәулік бойы байланыста болып, қол көмегінен бастап, арнайы қызметтерге жәрдемдесуде. Камаз жүргізушілері 12 сағат бойы карьерлерден құм тасып, бөгеттер жасаса, жеңіл көліктер халықты эвакуациялауға атсалысқан.

Әлішер САДЫҚ, ЕРІКТІ:

Осы қаламыздағы әртүрлі автоклуб өкілдері хабарласып, өздері келіп, машиналар жиналып жатқанын айтты. Оның ішінде эстима, альфарт клуб, одан кейін оптима клуб, лада клуб, кобальт клуб мүшелері хабарласып, эвакуаторлар ярмарка алдына жиналып көмекке даяр екенін хабарласып жеткізді. Мен барам, мен барам деп таласып, жақсылық жасауға жарысып жатқанын көруге болады.

Жеке кәсіпкерлер мен мейрамханалар күзетте тұрған әскерилер тамақтандыруды ұйымдастырды. Көліктері судан зардап шеккен жандарға тегін техникалық көмек көрсетілді. Ерікті жастар Ойыл, Қобда, Ырғызда тасқыннан зардап шеккендерге екі орталықта гуманитарлық көмек жинап, оларды тік ұшақпен жүк көліктерімен 4 тоннаға жуық көмек жөнелтілген.

Әлішер ТЫНЫШТЫҚ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ АОФ ТӨРАҒАСЫ:

«Біз біргеміз» қоғамдық қоры қомақты қаражат бөліп, шалғай жолдары су басып кеткен аудан, ауылдарға гуманитарлық көмек жіберу бойынша жұмыстар атқардық. Оның ішінде тамақ, киім-кешек, корпе-төсек, көп ауылдарда свет жоқ. Электргенераторлар мен қайықтар жібердік.

Ақтөбе екі мыңға жуық жас аянбай еңбек етуде. Олар халықтың ақ батасымен, шын көңілден айтылған алғысына бөленіп жатыр.