Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Ыстанбұлда өрттен 29 адам қаза тапты

AstanaTV
02.04.2024ж. 21:11
279
Ыстанбұлда өрттен 29 адам қаза тапты

Ыстанбұлдағы ойын-сауық орталықтарының бірінде болған өрттен қаза тапқандар саны 29 адамға жетті, деп хабарлайды Анадолы ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ бір адам зардап шекті.

Жергілікті биліктің мәліметінше, өрт жөндеу жұмыстары кезінде шыққан.

Мекеме Бешіктас ауданындағы 16 қабатты ғимараттың астында орналасқан.

Тілсіз жаумен күреске 31 өрт сөндіру көлігі мен 86 өрт сөндіруші тартылды. Жалын сөндірілді.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары басталды.