Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Елімізде энергетика саласын қадағалау күшейтіледі

AstanaTV
03.04.2024ж. 11:21
284
Елімізде энергетика саласын қадағалау күшейтіледі

Мәжіліс энергетика саласында қатысты заң жобасын қарап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев "Жылу энергетикасы туралы" заң жобасын және оған ілеспе екі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Жылу энергетикасы және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын таныстырды.

Министр бүгінгі таңда Қазақстанда "Жылу энергетикасы туралы" жеке салалық заң жоқ екенін атап өтті. Бұл заңнамадағы бар олқылықтарға және осы салада стратегиялық мақсаттар мен даму жоспарларының жоқтығы, саланың инвестициялық тартымдылығының болмауы, кәсіпорындардың тиімсіздігі және т.б. сияқты көптеген проблеманың жинақталуына әкелген.

Осындай мәселелерді реттеу мақсатында министрлік Азия даму банкі тартқан халықаралық сарапшылардың техникалық қолдауымен осы заң жобасын әзірледі.

Құжат жылу энергетикасы саласындағы саясатқа құзыреттілік пен жауапкершілікті қайта бөлуге бағытталған норманы қамтиды. Сонымен қатар Энергетика министрлігіне жылу энергиясын тасымалдау функциясы бекітіледі. Қазіргі уақытта бұл функция Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне жүктелген. Өз кезегінде, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жылу энергиясын тұтыну бөлігінде жылумен жабдықтау жүйелеріне жауапты болады, - деді министр.

Заң жобасында жылу желілеріндегі бақылау функциялары (орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелері шеңберінде) жергілікті атқарушы органдардан Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетіне ауысады.

Құжатта жылу энергетикасын дамытуды жоспарлау жөніндегі жаңа құралды енгізу көзделген, ол аумақтарды дамыту, тұрғын үй салу жоспарлары мен бағдарламаларымен, халық санының серпінімен, өнеркәсіпті дамытумен және басқа да факторлармен өзара байланысты жылу энергетикасының жоспарлы үдемелі дамуын қамтамасыз етуге арналған. Жылумен жабдықтауды дамыту схемалары елді мекендердің техникалық бөлігі бойынша дамуын ескере отырып, жылумен жабдықтау жүйелерінің дамуын ғана емес, осы мәселенің экономикалық жағын да ескереді, - деді Алмасадам Сәтқалиев отырыста.

Инновациялардың ішінде: жылу энергетикасы саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікті арттыру; бүкіл салаға мониторинг жүргізу; тариф белгілеу қағидаттарын айқындау; энергия тиімділігін арттыру, орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне (жылу сорғылары, биоотындағы қазандықтар, артық жылу) экономикалық және техникалық орындылық жағдайында ЖЭК енгізуді дамытуға ынталандыру.

Құжат сонымен қатар электр энергиясын бірыңғай сатып алушының және теңгерімдеуші нарықтың тетіктерін жетілдіруге бағытталған.

Заң жобасының маңызды жаңалықтарының бірі-атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің өкілеттіктерін күшейту.

Ілеспе заң жобасының маңызды аспектісі - мемлекеттік органның бақылау функцияларын күшейту. Бүгінгі таңда қолданыстағы заңнама, атап айтқанда Кәсіпкерлік Кодекс бизнестің мүдделерін қорғау мақсатында бақылау функцияларын шектейді. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, елдің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін осы аса маңызды салада бақылаудың болмауы ірі апаттардың туындауына себеп болуы мүмкін. Екібастұз, Риддер, Теміртау қалаларындағы және басқа да қалалардағы жағдай бұған тікелей дәлел, - деп атап өтті Алмасадам Сәтқалиев.

Заң жобалары Мәжіліс отырысында бірінші оқылымда қаралды.