Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Алматыда «Пошта жөнелтімдерін қабылдау және табыстау» шеберлік сабағы өтті

Алматыда «Пошта жөнелтімдерін қабылдау және табыстау» шеберлік сабағы өтті

Қазақстандағы жалғыз «Пошта байланысы» мамандығын оқытатын Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжінің студенттері мен мектеп оқушылары "Қазпошта" мамандарының шеберлік сабағына қатысты. Шара барысында болашақ мамандарға қаржылық қызметтерді жүргізу, пошта жөнелтімдерін қабылдап алу, келген сәлемдемелерді арнайы бағдарлама арқылы халыққа табыстау және постаматпен жұмыс істеудің тәртібі түсіндірілді. Сондай-ақ, білім алушыларға қаржылық, трансфер-агенттік және курьерлік қызметтер туралы ақпарат берілді. Ал мектеп оқушылары саналы түрде мамадық таңдауға алғашқы қадамдарын жасады .

Жансая ШАРМАН, №С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ №74 МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ

 Бізге қаржылық қызмет және сәлемдемелер супермаркеті туралы мастер-класс көрсетілді. Маған қатты ұнады.

1940 жылдан бері 6000-нан аса кәсіби маман даярлаған оқу орны түлектеріне нарықта сұраныс жоғары. Елдің кез келген нүктесінен ұсынылар жұмыс та дайын. Колледж студенттері қазірдің өзінде дуалды оқыту жүйесімен мамандығы бойынша еңбек етіп, толыққанды жалақы алып жүр. Бұған "Қазпочтамен" арадағы меморандум себеп.

Индира РУЗИЕВА, АЛМАТЫ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ ЖӘНЕ МАШИНА ЖАСАУ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ:

Мен 2023 жылдың октябрь айынан бастап осы жерде жұмыс істеймін. Бұл жұмыс өте оңай және бұл жерде карерьный рост бар. Бұл жерде жалақы өте жақсы.

Нүркен РҮСТЕМ, "ҚАЗПОШТА" АҚ АЛМАТЫ ПОЧТАМТ ДИРЕКТОРЫ:

Соңғы уақыттарда Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжімен тығыз қарым-қатынас жасап жатырмыз.Қазіргі таңда осы аталған колледждің 167 студенті біздің Қазпочта қабырғасында алған білімдерін шыңдап жатыр.+Қазақстан бойынша 20 000 -нан астам қызметкер жұмыс жасайды. Сол 20 000-ның 1000-нан астамы осы колледжден шыққан түлектер.