$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Президент тапсырмаларын орындауға арналған жоспар қабылданды

03.04.2024ж. 20:00
474
Президент тапсырмаларын орындауға арналған жоспар қабылданды

Президент тапсырмаларын орындауға арналған жоспар қабылданды. Қырық тармақтан тұратын құжатта 10 заң әзірлену көзделген. Бұл туралы мемлекеттік Кеңесші Ерлан Қарин телеграмм әлеуметтік желісінде жариялады. 

Ерлан Қарин, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:

«Президент Әкімшілігі Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысынан кейін Үкіметпен бірлесіп, Мемлекет басшысының бастамаларын тиімді жүзеге асыру жолдарын пысықтады. Соның нәтижесінде бүгін Президент тапсырмаларын орындауға арналған жоспар қабылданды. Құжаттың көлемі ауқымды, 40 тармақтан тұрады. Онда түрлі іс-шаралар көзделген. Жоспарға сәйкес 10 заң әзірленіп қабылданады. Сондай-ақ заңсыз ойын бизнесіне және лудоманияға қарсы күрестің 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспары және басқа да бағдарламалық құжаттар қабылданбақ.