$512.16 €580.94 ₽6.39
×

Таеквондошылар Испанияға атанды

AstanaTV
04.04.2024ж. 12:04
847
Таеквондошылар Испанияға атанды

Таеквондодан Қазақстан кадеттер құрамасы Испанияның Аликанте қаласында өтетін G-1 санатындағы Spanish Open 2024 турниріне аттанды.

Ұлттық Олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, турнирге қыздардан 3, ұлдардан 4 салмақ бойынша спортшыларымыз сынға түседі.

Қазақстан командасының құрамы төмендегідей:

Қыздар:

33 келі: Назерке Жанаберген, Шахризода Акрамова

44 келі: Нұргүл Сералиева

51 келі: Нұрай Амангелді

Ұлдар:

33 келі: Юсуф Анвар-Алиев

45 келі: Дінмұхаммед Толыбай

53 келі: Әлинұр Еркін

57 келі: Аятжан Әмірханов