Ботсвана Президенті Мокветси Масиси Германияға 20 мың піл жіберемін деп қорқытты. Ол неміс билігінің аңшылық олжаларын импорттауға қойылған шектеуіне осылай жауап берді, деп жазады KAZINFORM BBC-ге сілтеме жасап.
Германияның қоршаған ортаны қорғау және табиғатты қорғау министрлігі ауланған аң импортына шектеу енгізуді ұсынған еді. Осыдан кейін Президент Масиси неміс Bild басылымына берген сұхбатында пілдердің популяциясын қорғау бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде олардың көбейгені сонша, аулау олардың санын шектеудің жалғыз жолы екенін еске салды.
«Егер оларды экспорттауға тыйым салынса, пілдер ауланбайды. Соның салдарынан Ботсвана халқы табысының едәуір бөлігін жоғалтады, ал пілдер одан да көбейе түседі», - деп түсіндірді президент.
Дүние жүзіндегі піл популяциясының шамамен үштен бірі Ботсванада тұрады – 130 мыңнан астам. Пілдер егістіктерді таптайды, жеке меншік мүліктерді қиратады, кейде адамдарды өлтіреді.
Ботсвана – үлкен мемлекет. Бірақ оның аумағының үштен екісі шөл, ал қалған бөлігінде небәрі 2,5 миллион адам тұрады. Ботсвана көршілес Анголаға 8000 піл сыйлады және олардың санын қандай да бір жолмен бақылауға алу үшін Мозамбикке тағы бірнеше жүз беруді пілді ұсынды.
Наурызда британдық парламентарий тіпті шектеу емес, аңшылық олжалардың импортына толық тыйым салу туралы заң жобасына дауыс берді. Алайда бұл – құжатты талқылау және қайта қарау процесінің басы ғана.