$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Париж-2024: ХVII жазғы Паралимпида ойындарына 145 күн қалды

AstanaTV
05.04.2024ж. 00:30
789
Париж-2024: ХVII жазғы Паралимпида ойындарына 145 күн қалды

Бүгін Париж-2024 Олимпиада және Паралимпиадаға дайындық штабы Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы мен Ұлттық Паралимпиада комитетінің өкілдерімен жиын өткізді.

ҚР туризм және Спорт министрлігі мәлім еткендей, кездесуде ұлттық құрама спортшыларының қазіргі жағдайы, делегацияның жоспарлы құрамын қарау, қаржыландыру мен басқа ақпараттық ұйымдастырушылық дайындық мәселелері талқыланды.

«Қазіргі таңда Паралимпиада ойындарына дейін пысықтайтын мәселелер көп. Дегенмен атқарылып жатқан дайындық жұмыстары да аз емес. Параспортшыларымызға лайықты көңіл бөлініп, жан-жақты жағдайлар жасалып жатыр. Штаб параспортшыларға барынша қолдау көрсетіп, ұйымдастырушылық жұмыстарын жалғастыруда», - деді штаб басшысы Елсияр Қанағатов.

Айта кетсек, ХVII жазғы Паралимпиада ойындары биыл 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Франция астанасы Парижде өтеді. Жарысқа әлемнің 184 елінен 4 мыңнан астам спортшы қатысып, 22 спорт түрінен 549 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 9 түрінен (пара жеңіл атлетика, пара пауэрлифтинг, пара таеквондо, пара үстел теннисі, пара жүзу, пара дзюдо, пара каноэ, отырып ойнайтын волейбол, пара нысана көздеу) өнер көрсетуді жоспарлап отыр.

Осы уақытқа дейін паралимпиадашылар 11 лицензия жеңіп алды: отырып ойнайтын волейболдан ерлер құрамасы – 1, пара жеңіл атлетика бойынша ядро лақтыру – 1, пара жүзу – 3, пара каноэ – 1, пара пауэрлифтинг – 1, пара таеквондо – 3, пара нысана көздеу – 1.