Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Депутаттар Оралдағы эвакуациялық орталықтарды аралады

AstanaTV
04.04.2024ж. 20:00
299
Депутаттар Оралдағы эвакуациялық орталықтарды аралады

Орал қаласында үйі суға кеткен тұрғындарға арналған 7 эвакуациялық орталық жұмыс істеп тұр. Қазір мұнда 1 мыңнан астам адам тұрып жатыр. Олардың ішінде мектеп жасындағы балалар да бар. Жергілікті әкімдіктің дерегінше, мұндағы оқушылар сабағын бұрынғыша жалғастыра береді. Кейбір орталықта бөлек оқу кабинеттері жасақталған. Қызыл судың кесірінен баспанасынан айрылғандар осында үш мезгіл тамақпен, өзге де керек-жарақпен қамтамасыз етілген. Шаһардағы осы орталықтарды аралаған депутаттар тұрғындармен тілдесті. Олардың талап-тілегіне құлақ қойып, көмек көрсетуге әзір екенін жеткізді.

Арман ӨТЕҒҰЛОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Барлық деңгейде жан-жақты елдің баршасына да көмек көрсетіледі. Саяжайдың өзінің құжаты болуы керек қой. Менің ойымша, ертең комиссия қарағаннан кейін кімнің қандай шаршы метр үйі бар, саяжайы бар, сол бағытта орнына тұрғызылып беріледі деген мен ойдамын, солай болады да.