Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

1 миллион теңгеден беріледі

AstanaTV
04.04.2024ж. 18:35
328
1 миллион теңгеден беріледі

Елімізде 18-35 жас аралығындағы жұмыссыз жастар 1 миллион теңгеден ала алады. "Zhas Project" жобасына қатысуға өтінім беру басталып кеткен. Бұл туралы Bugin.kz хабарлайды.

Жоба Қазақстанның 20 өңірінде қолға алынған. Жұмыссыз жастар арасынан 1 миллион теңгеге дейінгі 280 шағын грант иесі анықталады.

"Zhas project" жобасының негізгі мақсаты – Қазақстандағы NEET санатындағы жастар арасында кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу. Жоба аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіледі, сондай-ақ жұмыспен қамту және білім беру салаларынан уақытша тыс қалған 18 бен 35 жас аралығындағы жас қазақстандықтарға қолдау көрсетіледі.

Өтінім қабылдау 24 сәуір күнгі сағат 23:59-ға дейін жалғасады.