Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қазақстан Қырғызстанды жеңді

AstanaTV
05.04.2024ж. 08:14
200
Қазақстан Қырғызстанды жеңді

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының жолдастық кездесуде Қырғызстаннан басым түсті.

Ұлттық құрама Тараз қаласында оқу-жаттығу жиыны аясында Қырғызстанмен кездесті.

Қырғызстандық футзалшылар әзірге әлем чемпионаты финалдық сатысында ойнай алған жоқ.

Ал Азия чемпионатында 14 мәрте бақ сынап, 2005 жылы қола жүлде алды.

Ойын барысында қырғызстандық футболшылар екі гол соғып кетті.

Оған Шыңғыс Есенаманов 11, Азат Валиуллин 39, Батырхан Кенжеғали 40-минутта үш голмен жауап берді.

Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласын 3:2 есебімен тізе бүктірді.