$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Астанада дәрігерлер жүкті науқастың басындағы қауіпті аневризмаға ота жасады

AstanaTV
05.04.2024ж. 13:33
579
Астанада дәрігерлер жүкті науқастың басындағы қауіпті аневризмаға ота жасады

24 жастағы Алматы тұрғынының басы 2024 жылдың ақпан айынан бастап ауыра бастаған. Бір айдан кейін оның көру қабілеті нашарлап, оң қабағы салбырап кеткен, сол себепті офтальмолог пен невропатологтың көмегіне жүгінген. Оған мәскеулік дәрігерлер көмектесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 5 сәуірде "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Астана қалалық филиалында хабарлады. 24 жастағы Алматы қаласының тұрғынын осы жылдың ақпан айынан бас ауруы мазалай бастаған. Бір айдан кейін тіпті көру қабілеті нашарлап, оң қабағының төмен түскенін байқайды. Сөйтіп, ол медициналық көмек алу үшін офтальмолог пен неврологқа жүгінген.

"Бас ауруы күшейе бастаған соң мидың МРТ өту ұсынылды. МРТ-да мидың оң жағындағы артқы артериясының үлкен аневризмасы анықталды, көлемі ұлғайғандықтан жанындағы жүйке құрылымдарын қысып, кез-келген уақытта жарылып кету қаупін тудырды. Бұл реттегі жағдайдың күрделілігі, жүктіліктің 20-аптасында нейрохирургиялық ота жасау бойынша шұғыл түрде шешім қабылдау қажет болды."

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Астана филиалы

Алматы және Астана қалалары нейрохирургтарының бірлескен талқылауынан кейін санитариялық авиация желісі бойынша пациент одан әрі жедел емдеу үшін Ұлттық нейрохирургия орталығына жеткізілді.

Ұлттық нейрохирургия орталығына жатқызған кезде науқасты Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының анестезиологтары мен акушер-гинекологтары да тексеруге дайын болды. Хирургиялық араласу мен аталған аурудың қауіптілігіне қарамастан ота жасау және жүктілікті сақтап қалу туралы шешім қабылданды.

Қуаныштысы, ота сәтті өтті, кез-келген сәтте жарылуы мүмкін "бомба" залалсыздандырылды. Нейрохирургтар жүргізілген жұмыстың нәтижесі ойдағыдай екендігін айтуда. Науқасты емдеуге анестезиолог-реаниматологтар мен акушер-гинекологтар да белсенді қатысты.