Парижде өтетін төрт жылдықтың басты бәсекесінде Олимп шыңын бағындырған боксшыға 210 млн теңге беріледі. Оның 250 мың доллары мемлекет тарапынан белгіленген сыйақы. Ал қалған 220 мың долларды бокс федерациясы табыстамақ. Бұл рекордтық көрсеткіш. Оған әкімдік тарапынан берілетін баспананы қосыңыз. Егер алда-жалда допинг дауына ілініп, жеңісін жоққа шығарса, сыйақыны қайтармайды. Оны бұған дейін де талай рет көрдік. Спорт сарапшысы Асқар Хамиден "осындай олқылықтар болмас үшін өзгерістер керек",- дейді.
Асқар ХАМИДЕН, СПОРТ САРАПШЫСЫ:
Әлемдік тәжірибеде Олимпиада чемпиондарына берілетін жүлдені Шығыс Еуропаның кейбір елдері сіз айтқан 250 мың долларды, егер спортшы жеңсе алдағы 10 жылға жалақы бөліп береді екен. Осындай идеяларды бізге де қарастыру керек сияқты.
Былғары қолғап шеберлері үздіктер қатарына енсе өзге спортшылардан 2 есе артық сыйақы алады. Осы тұста көпшілік бұл сомманың өте көп екенін айтып дабыл қақты. Бірі Токиодағы кемшілік қайталанбас үшін спортшыларға мотивация берілуде десті. Париж жолдамасын жеті боксшы иеленді. Оның бесеуін Италияда алды.
Дәулет ТҰРЛЫХАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
Барлық жеңістер мен жетістіктер еңбек пен тердің арқасында келеді. Әрине, мотивация керек оларға. Өйткені күндіз түні еңбектенеді. Жыл 12 ай болса, 8-9 ай үйлерінде болмайды. Кейбірінің отбасылары бар. Балалары бар. Оларды құрметтеп, қошеметтеуіміз керек.