$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Көшедегі зағип жанға жұрт көмектесе ме?" - ЭКСПЕРИМЕНТ

05.04.2024ж. 20:00
419
"Көшедегі зағип жанға жұрт көмектесе ме?" - ЭКСПЕРИМЕНТ

Мейірімділік – адам бойындағы ең құнды қасиеттердің бірі. Бұл -адамдарға алғыс талап етпей, көмектесуге деген ұмтылыс. Бәрімізге кейде көмек пен түсіністік қажет. Ал соны күйбең тірлікте ескеріп жүрміз бе? Тілшіміз эксперимент жасады.

Айдана ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:

Бүгін мен зағип жан ретінде жұрттан көмек сұраймын. Тұрғындардың реакциясы қалай болады, айналамызда мейірімді жан көп пе екен, көрейік.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Кешіріңіздер біреу бар ма?

            - Не болды?
            - Жолдан өту керек еді маған.
            - Мен мешіт жақтан келе жатырмын ғой, иә?
            - Тура Тұлпарға өтесіз.
            - Иә, Тұлпарға баруым керек
            - Мына жерден тіке жүре берсеңіз Тұлпарға барасыз.
            - Рахмет, аға!

- Кешіріңіздер, біреу бар ма?

              Жолдан өтуге көмектесіп жібересіз бе?
              - Рахмет!

- Өтесіз бе?

             - Иә, жасыл жанды ма?
             - Ұстап алыңыз...
             - Қай жаққа қарай бару сізге?
             - Мешітке қарай?
             - Мешіттің алдында орындықтар бар, отыра тұрыңыз, біз алып кетеміз.
             - Жақсы, рахмет!

- Жолға келдік қой деймін.

              - Иә
              - Ақырындап жүре беріңіз.
              - Машиналар жоқ қой?
              -Жоқ, жүре беріңіз
              - Жолдан өтіп тура жүре берсеңіз, алдыңыздан Тұлпар сауда үйі шығады.
              -Рахмет!

Тұрғындар қолдарынан келгенше маған көмектесті. Кейбірі тіпті бара жатқан бағыттары басқа болса да, мені жолдан өткізіп, бағыт –бағдар берді. Жақсы адам көп. Бұл көңілге қуаныш ұялатты. Әлемді мейірімділік құтқарады.